Ирак арабтар мен парсыларды татуластыруға дайын екенін мәлімдеді

Араб-парсы текетіресі Сауд Арабиясында 47 шейіт өлім жазасына кесіліп, үкім орындалғаннан кейін ушыққан болатын. Ирак сыртқы істер министрі Ибрагим әл Жафари аталған келіссөз барысында екі ел арасындағы жағдайды ретке келтіру үшін ең ыңғайлы аймақта орналасқанын айтып, бейбітшілік орнатуға бар күшін салатынын жария етті. Осылайша Ирак билігі араағайындықты мойнына алмақ. Қазір бұл елдің өзінде де шейіттердің өлтірілгеніне наразылық ретінде осы ағым мен сүнниттер арасындағы текетірес тоқтамай тұр. Мыңдаған адам Бағдат көшелеріне шығып, Сауд Арабиясына қарсы ұрандатуын жалғастыруда.

Loading...