Ирак астанасында жарылыс болып, он шақты адам қаза тапты

12 адам мерт болды. Тағы 30 шақты адам жарақат алды, деп хабарлайды ливандық «Дейли стар» басылымы.

Көлік адам көп жүретін, дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан жерге қаңтарылған.

Бұл Бағдадтың шейіттер тұратын ауданында соңғы екі аптада төртінші рет жасалып отырған теракт.