Ирак әуе күштерінің шабуылы барысында ИМ басшысы жараланды

Бұл туралы ТАСС ирандық  IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ирак ӘӘК-нің батыс Анбар провинциясында ИМ колоннасына авиашабуылы нәтижесінде  оның басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади жараланды, сондай-мақ оның үш орынбасары - аш-Шишани, ас-Сури және Әбу Саид әл-Карбули жойылды», - делінген агенттіктің хабарламасында.

«Аш-Шишани ИМ-де насихат мәселелерін басқарды ал-Карбули үздік далалық командир болды. Сондай-ақ ИМ басшылары Әбу Анис ас-Суридің, Омар мен Әбу Камальдің көздері жойылды», - деп оқиғаның мән-жайын баяндады агенттік.

Дәлме-дәл соққы әл-Бағдади бастаған колонна Әл-Карабелех қалашығына кездесуге бағыт алғаны жайлы барлау ақпараты алынғаннан кейін жасалды.