Ирак Иран мен Сауд Арабиясы арасында делдал болуға ниетті

Бағдадта мұсылмандар әлеміндегі сүнниттер мен шиіттер арасындағы қақтығыс  Сирия мен Иракта бекіген «Ислам мемлекеті» радикалдық тобымен күресте жалпы күшке теріс әсер етуі мүмкін деп санайды.

Иракта билікте шиіт үкіметі бар, ал сүннит азшылығы қазіргі уақытта ИМ содырларымен соғыс жүріп жатқан елдің батысында тұрады.

Көрші Иран  сүнниттермен ымыраласуға күш салудың арқасында белгілі бір саяси бедел жинаған шиіт Ирак  премьер-министрі Хайдар Әл-Абадиді ирак-саудтық қатынастар шиеленісінің бірнеше онжылдығынан кейін, өткен айда өз жұмысын бастаған Бағдадта Сауд Арабиясының елшілігін   жабуға шақырды.  

Министрлер кабинетінің басшысы Х. Әл-Абади сыртқы істер министрі Әл-Джаафариді Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дағдарысты реттеуге жәрдемдесу үшін Тегеранға жіберді. Өзінің ирандық әріптестері Мухаммед Джавад Зариф, И. Джафаримен келіссөздер барысында қақтығыстың үлкен салдары болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

- Бізде Иран Ислам мемлекетімен берік қатынас орнаған және араб бауырлармен де қатынасымыз бар. Сондықтан да бұл дағдарыстық жағдайда қол қусырып отыра алмаймыз, деді Тегеранда бірлескен баспасөз мәслихатында ирак дипломаты.


Делдал туралы ирак  ұсынысына қатысты Эр-Рияд әзірге қандай да бір ұстанымын бола қойған жоқ. Еске салсақ, Корольдік көрнекті шиіт уағызшысы Нимр әл-Нимрді өлім жазасына кескеннен кейін Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қатынас шиеленісе түскен.