"7 қаңтарда Каир қаласында Египет пен Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстан елшісі Бағдат Әміреевтің Ирак сыртқы істер министрі Хошиар Зебаримен кездесуі өтті", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
СІМ мәліметінше, министр Астанада Ирак елшілігін ашу жөніндегі хабарлап, "Қазақстанның Иракты қалпына келтіруге қатысты оң ұстанымы осындай қадамға басты түрткі болып отырғанын" атап өтті.
Х. Зебаридің айтуынша, Қазақстанда дипломатиялық өкілдікті ашу екі елдің де мүддесіне сай келеді. "Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы, бұрынғы кеңестік кеңістік пен Азия құрлығындағы беделі мен шешуші ролін ескере отырып, Ирак үкіметі таяу уақыттарда өзінің елшісін Астанаға жолдамақшы", - деді Ирак СІМ.
Өз кезегінде Б. Әміреев "біздің еліміздің Иракты Таяу Шығыс аймағындағы және жалпы Азиядағы маңызды ел ретінде танитынын және онымен көп жақты ынтымақтастық орнатудан мүдделі екенін" атап өтті.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазақстандық елші "елде тез арада тұрақтылық орнайтындығына сенім білдіре отырып, Астанада Ирак елшілігінің ашылуы екі жақты Қазақстан -Ирак қарым-қатынасын орнатуға тың серпін беретініне кәміл сенетінін" айтты.
Х. Зебаридің айтуынша, өткен жылы елде тұрақтылық орнатуда бірқатар табыстарға қол жеткізілгенін жеткізді. Ирак СІМ "Қазақстан басшылығы мен халқына өз елінің үкіметіне саяси қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Ол өз елінің басшылығы Қазақстандық жауынгерлердің Ирактағы ерліктері мен жұмысын жоғары бағалайтынын атап өтті", - деп хабарладйы ҚР СІМ.