Бастапқы кезеңде Ауғанстандағы талибан қозғалысына қатысты шиеленістің шешілуі Орталық Азия елдері үшін өсуге жағдай жасады. Өйткені, Батыстағы қоғам назары осы өңірге ауып, шиеленістің одан бетер ушығу қаупі сейілгендіктен, Орталық Азия аймағындағы елдер саяси сахнадағы басты әрі белсенді ойыншыларға айналып, Ауғанстанды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алды,- деп пайымдайды С.Хакамада.
Ал кейінірек, Иак соғысы басталу салдарынан аймақ елдеріндегі геосаяси ахуал едәуір ушығып, дүниежүзіндегі геосаясатқа бағыт-бағдар беретін негізгі орталықтар - АҚШ, Еуропа, Ресей мен Қытай арасындағы қайшылықтар шұғыл шиеленісіп кетті. Соның салдары ретінде , аймақ елдерінің басшылығы үшін осындай алыптар мүддесінің текетіресінде "тепе-теңдік нүктесін таба білу" қиынға соқты.
Мұндай тәуелділіктен құтылудың бір жолы - Орталық Азия елдерінің өзара экономикалық және саяси интеграциялануы болмақ,- дейді С.Хакамада . Әйтсе де, әзірге әр елдердің басшылығы әр бағытта экономикалық саясат жүргізіп, ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың сан алуан әдістемелеріне бағынып отырғандықтан, дәл осындай интеграцияны жүзеге асыру мүмкін емес. Дейтұрғанмен, интеграцияның алғашқы элементтері байқала бастады. Сол себепті Орталық Азия елдерінің басшылары осы бағыттағы талпыныстарын одан әрі жалғастыра беруі қажет,- деді ол.