Иракта 11 министрлік қысқартылды

Бұл туралы Министрлер кеңесі (Үкімет) төрағасының баспасөз қызметіне сілтемемен шетелдік БАҚ хабарлады.

«Жалпыұлттық мүддеге сай, Ирак конституциясының 78-бабына сәйкес және елдің Өкілдер кеңесінің (парламент) қолдауымен елдегі министрліктер санын 33-тен 22-ге қысқарту туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Осылайша әл-Абади бір апта бұрын өзі ұсынған және оны үкімет пен парламент қолдаған реформалар тобының бір бөлігін жүзеге асыруды бастады. Оның ішіндегі ең маңыздылары вице-президент және премьер-министр орынбасарлары лауазымдарын жою болып табылады.