"Қазақстанның "Казбриг" бітімгершілік бригадасының күшімен лаңкестік топтардың коалициялық күштерге және Ирак халқының өзіне қарсы қолдануы мүмкін болған 4 млн жуық жарылғыш қаупі бар заттар жойылды", - делінген қорғаныс мекемесі таратқан хабарламада.
Бұған қоса, құжатта нақтыланғанындай, "Казбриг" жауынгерлері Ирактың 2,5 мыңнан астам бейбіт тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетіп, "арасында ирактықтармен қатар көп ұлтты бітімгершілік коалицияның әскерилері де бар 300 -ден астам адамды инженерлік іске баулыды".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазақстандық бітімгершілер Иракта 2003 жылдан бері бітімгершілік миссия атқаруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті