Иракта ИМ лаңкестік әрекетінің саларынан 40-тан астам адам қаза тапты

Жанкешті лаңкес Ирак астанасының ірі сауда орталығында өз-өзін жарып жіберді. Салдарынан 18 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алды. Кейіннен Эль-Микдадия қаласының шығыс бөлігінде екі бомба жарылып, 23 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алды. Жеті адамның өліміне себеп болған Бағдадтың оңтүстік-шығысында тағы бір жарылыс орын алды.

Ирактың солтүстігі мен батысын бақылайтын ИМ Эль-Микдадиядағы, Бағдад сауда орталығындағы лаңкестік үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды. Радикалдар мұны мұсылман шейіттерді кемсітетін  терминді пайдаланғандарға бағытталғанын нақтылады.