Иракта «Ислам мемлекеті» содырлары 45 адамды тірідей өртеп жіберді


Әзірге бұл адамдардың кім екендігі, не үшін өлтірілгендігі туралы еш мәлімет жоқ. Касим Обейдидің болжамынша, бұл адамдар Ирак қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болуы мүмкін.

Өткен аптада «Ислам мемлекеті» лаңкестері «Айн әл-Асад» әуе базасы жақын орналасқан Әл-Бағдади қаласының бөлігін басып алған болатын. Полковник Обейди қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері тұратын ғимараттарға шабуыл жасалғандығын айтты. Сондай-ақ Касим Обейди Ирак үкіметі мен халықаралық қоғамдастықты Әл-Бағдади қаласына қол ұшын беруге шақырды.