Иракта лаңкестік салдарынан 60 адам қаза тауып, 200 адам жарақаттанды

Жарылыс бейсенбі күні таңертең Ирак астанасының солтүстік-шығысының Мадинат-эс-Садр қаласының маңындағы базарлардың бірінде болды.

Әзірге аймақтағы бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті мойынына алмады.

Иракта «Әл-Каидамен» байланысы бар «Ислам мемлекеті» (ИМ) радикалдық тобы содырларының ірі көлемдегі шабуылынан тұрақсыз жағдай сақталып отыр.

ИМ Сирия аумағында үкіметтік күштерге қарсы соғыс жүргізгенде көп күш жинап алды. Содырлардың іс-әрекеттерінен бірнеше мыңдаған тұрғын қаза тауып, жүздеген мың адам босқынға айналды, тағы бірнеше мыңдаған адам тұтқындалды, - деп жазады РИА Нововсти.