Иракта ластанған ауыз судан уланған адам саны 111 мыңға дейін жетті

Иракта ластанған ауыз судан уланған адам саны 111 мыңға дейін жетті, деп хабарлайды Today.kz Al-Sumaria сайтына сілтеме жасап. 

Телеарна адам құқығы бойынша БҰҰ жоғары комиссары кеңсесінің басшысы ат-Тамимидің сөзін келтіреді. 

Оның сөзінше, уланған адам саны 111 мыңға дейін жеткен. Ұйым өкілі бұны елде жаңа оқу жылының басталуымен байланыстырып отыр: ауыз судан зардап шеккендер ішінде оқушылар көп. Ол Ирак билігінен бұл мәселені шешуді сұрады. 


"Дағдарыс басталғалы бір ай болды, су баяғыдай лас", – деді ат-Тамими.