Мосул қаласының мұражайындағы бұл ескерткіштер біздің дәуірімізге дейінгі 7-ші ғасырларға тиесілі. Арасында адам бейнесіндегі мүсіндерден бастап сәулет өнерінің басқа да озық үлгілері бар. Алайда бұл біздің қағидамызға қайшы келеді деген жендеттер ескерткіштердің дымын қалдырмаған. Қолдарына балға-темір ұстап бәрінің күл-талқанын шығарды. Айта кетсек, «Ирак пен Шамдағы ислам мемлекетінің» содырлары Мосулды былтыр жазда басып алған. Ол кезде бұлар шаһардағы орталық кітапхананы жарып, 100 мыңдай кітапты өртеп жіберген болатын.
Loading...