ҚР Қарулы күштері аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы Әділбек Алдабергенов бастаған ҚР қорғаныс министрлігінің комиссиясы қазанның 16-21 күндері Иракта болып қайтты. Сапар барысында инженерлік-саперлік отрядтың жауынгерлік тапсырмаларды орындау дайындығын тексеру көзделген.
Комиссия сондай-ақ, қазақстандық отрядтың басқа елдерден келген бітімгершілік бөлімшелермен және жергілікті тұрғындармен жақсы қарым-қатынас орнатқанына көз жеткізіп қайтты.
Қазіргі таңда отряд Алькуд қаласының маңында кезекшілікте тұр. 21-қазан күнгі жағдаймен жауынгерлер 300 мыңнан астам әртүрлі оқ-дәрілердің көзін жойды.
Әзірше қазақстандық бітімгерші отряд далалық лагерьде орын тепкен. Жауынгерлер тұрып жатқан палаткалар кондиционерлермен қамтамасыз етілген. Таяудағы уақыттардың бірінде бөлімшеге арнайы ғимарат беріліп, онда отрядтың штабы мен казармасы ораласады. Әскери қызметкерлер үшін үш мәрте тамақтану режимі бекітілген,- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.