«2015 жылы Иран ЕАЭО-мен экономикалық байланыс орнатуы үшін осы бағытта жұмыс жасауы қажет деп ойлаймын. Бұл бойынша тиісті шаруалар атқарып жатырмыз, Иран бұл мүмкіндікті Ресейге және өзге елдерге тауар экспорттауда пайдалануға ниетті. Мүмкін өзара түсіністік туралы келісімшарт немесе меморандум жасасу керек шығар», - деді М.Санаи.
Оның сөзіне қарағанда, Иран мен Ресей арасындағы толыққанды ынтымақтастыққа ирандық тауарлар үшін салынатын кедендік салық көлемінің ауқымды болуы бөгет болуда.
«Иран өз тауарларын Ресейге тарифтік жеңілдіктер қарастырылған өзге республикалар арқылы емес, тікелей жібереді. Мұндағы тарифтер Иран үшін тым көлемді. Ирандық бизнесмендер үнемі бізден осы тарифтерді төмендетуге көмектесуімізді сұрайды, олар Ресейдің Армения, Әзербайжан және Қазақстанмен қарым-қатынасын мысал ретінде келтіреді», - деп нақтылады елші.