Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Иран АҚШ-пен делдалдар арқылы жүргізіліп келген келіссөздер мен хабар алмасуды тоқтатты.
Бұл туралы Tasnim агенттігі жазды.
Агенттік мәліметінше, атысты тоқтату режимінің алдын ала шарттарының бірі Ливандағы жағдайдың тұрақтануы болған. Алайда иран тарапының айтуынша, келісімдер орындалмай, әскери әрекеттер жалғасып отыр.
Ирандық ресми өкілдер мен келіссөз тобы Израильдің Газа секторындағы және Ливандағы әскери операциялары тоқтамайынша, әрі израильдік күштер толық шығарылмайынша кез келген байланыстың мүмкін еместігін мәлімдеді.
Иран мен қарсыласу күштерінің ұстанымы ескерілмейінше, ешқандай келіссөз болмайды, – деп келтіреді Tasnim иран тарапының мәлімдемесін.
Агенттік сондай-ақ Иран және оның одақтастары «қарсыласу майданы» Израиль мен оның одақтастарына қысымды күшейту мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлайды. Атап айтқанда, ықтимал шаралар қатарында Ормуз бұғазын толық жабу және Баб-эль-Мандеб бұғазы сияқты стратегиялық бағыттарда әрекеттерді күшейту бар.