Иран «алтылықпен» атом жөнінде ақырғы келісімді бекітуге дайын – Рухани

Бұл туралы Тегеранда ОАР делегациясымен кездесуде Иран президенті Хасан Рухани мәлім етті.

Сонымен қатар ол Батыс Иранға қатысты экономикалық санкциялардың үшін жояды деп үміттенетінін де жасырмады.

Х.Руханидің айтуынша, қазіргі таңда дамушы мемлекеттердің басты проблемасы терроризм мен экстремизм болып отыр. Мұның бәрі Батыс ұстанған саясаттың нәтижесі, деді ол.

«Батыстың болашақта террористік топтар тарапынан туындайтын үлкен проблемаларға душар болатынына күмән жоқ», - деп мәлімдеді Иран президенті.


Иран Ислам республикасы мен халықаралық «алтылық» арасындағы келіссөздердің кезекті, бесінші раунды дүйсенбі күні Венада басталады.