Иран ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады – СІМ


Құжат Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Иран Ислам республикасына сапары шеңберінде бекітілді.
Сонымен қатар, Р.Жошыбаев Сыртқы істер министрі, Иран президентінің туризмді дамыту жөніндегі орынбасары, Индустрия, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрімен, баламалы және қайта қалпына келтірілетін энергия көздері саласында жұмыс істейтін жетекші компаничлардың басшыларымен кездесті.
Кездесулер барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі, екі жақты саяси ынтымақтастық және сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық серіктестікті дамыту мәселелері сөз болды.