Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Иран ТМД елдерінің энергетиктерімен белсенді ынтымақтасып отыр, "тек ынтымақтастықпен ғана шектелмей, Армения мен Түрікменстанның энергетика жүйесімен синхронды жұмыс істеуде".
Сонымен бірге, өз қолындаы ақпаратқа сүйене отырып А.Чубайстың айтуынша, Иран Әзербайжаннан бастап Тәжікстанға дейінгі бірнеше бағытта өзара ынтымақтастықты жандандырудан мүдделі.
РАО "ЕЭС Россия" компаниясы төрағасының айтуынша, өз кезегінде ТМД электрэнергетикалық кеңесі де Иранмен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудан мүдделі. "Жалпы кеңес ұстанымына және кеңес төрағасы ретінде менің жеке ұстанымыма келсек, біз бұл бағыттағы жұмыстарды қызу қолдаймыз. Біз өзара ынтымақтастықты пәрмендендіруден мүдделі болумен бірге стратегиялық тұрғыда Иранның біртұтас ТМД энергетикалық жүйесімен толыққанды синхронды жұмыс істеу мүмкіндігін мақсат етіп қоя аламыз",- деді ол. А.Чубайстың хабарлауынша, "біздің техникалық сарапшылар қазір осындай жобаларды жасап жатыр, алдағы бірнеше аптада кеңес осындай жобаларды талқыға салу үшін Иранға өкілдер жібере алады".
Сондай-ақ, РАО "ЕЭС Россия" компаниясы төрағасының айтуынша, "біз ауқымды инвестициялық жобалар бойынша да Иранмен бірлесе жұмыс істеуден мүдделіміз". "Олардың бірі және біз үшін айрықша маңыздысы - Тәжікстандағы Сангтудин Су электр станциясын салу жобасы болмақ. Біз осынау ауқымды құрылыс жобасын Иранмен бірлесе жүзеге асырудан мүдделіміз және бұл мәселені Ресей-Тәжікстан-Иран аралық үш жақты келіссөздерде талқыламақ ниетіміз бар",- деді А.Чубайс.