Иран, Катар және Ресей "газды ОПЕК" құру жөнінде келісімге келді - Иранның мұнай министрі

"Кездесу барысында біз маңызды шешімдер қабылдадық. "Газды ОПЕК" құруға сұраныс бар және енді оны құру туралы келісім жасалды", - деді Иранның мұнай министрі Голамхоссейн Нозари катардың мұнай министрі мен "Газпром" басшысы Алексей Миллер қатысқан үш жақты кездесуден кейін.