Түркменстанның ақпараттық агенттігі хабарлағанындай, Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың қаулысымен, Түркменбашы мұнай өңдеу зауыттарының кешені компаниямен келісім шарт жасасады. Сондай-ақ, компания Түркменбашы-Қиянлы бағытында шойын жолды салуды жоспарлап отыр.
Келісім шарттың жалпы қаржы көлемі $29,3 млн құрайды. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың сәуір айында басталып 2010 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарланған.
Turkmenistan.ru агенттігі хабарлағанындай, "Парс Энерджи" компаниясы сонымен қатар "Аваза" түркмен ұлттық туристік аймағының территориясында бірқатар нысандарды тұрғызбақшы. Түркменстан президенті Г. Бердымұхамедов желтоқсан айында болған кездесуде компания басшысы Ахмад Рамазани Каспий жағалауында заманауи мейманхана кешені мен сауда орталығын салу жөнінде ұсынысын айтқан болатын.