Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар жаңа белеске көтерілді

Иран президенті Хасан Рухани Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда осылай деп мәлімдеді.

«Соңғы кезде Иран мен АҚШ қарым-қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты. Екі елдің саясаткерлері келіссөздер жүргізді, ядролық қару мәселесіне қатысты қарама-қайшылықтарды жою туралы пікір алмасты және шешімдер қабылдады», - деді Х.Рухани.

«Бұл Ислам төңкерісі мен Ислам республикасы орнағалы бері болып отырған маңызды оқиғалардың бірі», - деді ол.


Халықаралық «алтылық» өкілдерімен бекітілген келісім Тегеранның Еуропа елдерімен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп қосты Х.Рухани.