Иран мен Қазақстан арасында Иранға шығарылатын Қазақстан мұнайының көлемін тәулігіне 20-дан 100 мың баррельге дейін жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде

"Қазақстан мен Иран арасындағы мұнай алмасу 2002-жылдың қаңтарынан басталған. Қазір Иранға күн сайын 20 мың баррель мұнай жеткізілуде. Қазақстан мұнайы Ақтау теңіз айлағы арқылы Иранның Амирабад теңіз айлағына танкерлермен жеткізілуде",- деді М.Саффори.

Елшінің мәліметіне жүгінсек, мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-тің мүшесі болып табылатын Иран жылына 3,5 млн. баррель мұнай өндіреді. Оның 1 млн. баррелі Иран Ислам Республикасының ішкі тұтынымына жұмсалса, 2,5 млн. баррелі экспортқа шығарылады.