Иран өзінің ядролық бағдарламасын БҰҰ қауіпсіздің кеңесінде қарастыратындай себеп тудырған жоқ

"Иранның жасаған оңтайлы қадамдары, оның ядролық бағдарламасын БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде қарастыруға себеп тудырған жоқ. Шын мәнінде, бұл мәселені Ядролық энергетика жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында күнделікті жағдайда қарастыруға барлық жағдай жасалған ", - деді өз сөзінде Иран елшісі.

Оның сөздері бойынша, Иран Ядролық энергетика жөніндегі халықаралық агенттігімен және басқа да тиісті ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі барлық міндеттерін орындап, нәтижесінде бұл мәселенің оңтайлы жақтары айқындалды.

"Ядролық энергетика жөніндегі халықаралық агенттігі туындаған алты сауалдың үшеуіне жауап алды. Бұл плутоний, Р1 и Р2 центрифугалары және залал көздері туралы ақпарат. Осыған байланысты олар қорытынды жасады.

"Келісімді келісілген уақытынан бұрын жасап, келіссөздер кезінде жұмыс бағдарламасын дайындау үшін, плутонийге байланысты туындаған мәселенің шешілуі, Иранның атомды бейбіт мақсатта пайдалану жұмысын жалғастыратынын және агенттік пен басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз қарым -қатынас жасаудың белгісі ", - деді Р. Мехмонпараст.

Елші сондай-ақ, Иран территориясына әскери күштердің басып кіруі мүмкін емес деген пікірін ортаға салды. "Әскери күштерді кіргізу дұрыс шешім емес. Әскери теориялық мәселелермен айналысатын сарапшылардың пікірінше, мұндай әскери қоқан -лоққы көрсетудің еш пайдасы жоқ, ешкімге абырой әкелмейді ", - деді Р. Мехмонпараст.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті