Иран Президентінің Қазақстанға сапары екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді - Н.Назарбаев

байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.  Бүгін Ақордада Иран Ислам Республикасының Елшісі Можтаба Дамирчилуден сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Қазақстан Иранмен арадағы дәстүрлі достық қатынастың тиімді ынтымақтастығын жоғары бағалайды. Біздің елдеріміздің саяси-эконмикалық байланыстары жылдан-жылға артып келеді. Биыл іске қосу жоспарланған Қазақстан-Түркіменстан-Иран жаңа темір жолы соның айғағы болып саналады. Бұл бағыт жалпы өңірдегі сауда-экономикалық ынтымақтастыққа серпін береді деп сенеміз»,-  деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Иранның ядрлық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды кездесіп реттеу өңірдегі тыныштық үшін, сауда-саттық үшін өте маңызды болып табылатыдығын баса айтты. Сонымен бірге  Алматыда араағайындық еткен алтылық пен Иран арасындағы келіссөздердің екі раунды өткенін еске салды.


«Баршаны қанағаттандыратын ұзақмерзімді келісімге таяу уақытта қол жеткізіледі деп сенеміз. Біз келесі айда президент Хасан Роуханидің Қазақстанға тұңғыш ресми сапарын күтіп отырмыз. Бұл сапар екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді»,-  деді Елбасы.