Иран қанатты зымыранын сынақтан өткізді


Бұл жайында rambler.ru ақпарат көзі Press TV арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.  

Бұл әскери жаттығу контр-адмирал Хабибулла Саяридің бұйрығымен өткізілді. Әскери жаттығу ауқымы екі миллион шаршы шақырымды қамтыған.  Бұл жаттығу  тактикалық маневрге, барлау операциясына машықтануға, зымыранды, торпеданы сынақтан өткізуге және арнайы операцияны өткізуге бағытталған. Жаттығуға әскери техникалармен қатар Иранның өзінде жасалған тікұшақтар да қатысты. Алайда, қанша әскери техника мен қару-жарақ сынақтан өткізілгені туралы айтпады.