Иран қазақстандық бидай импортын 2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын

Бұл жоспарлары туралы Иран үкіметтік сауда корпорациясының (GTC) төрағасы Али Гханбарии "Холдинг "ҚазАгро" АҚ басқармасының төрағасы Дулат Айтжановпен кездескен кезінде мәлімдеді, делінген дүйсенбіде "Азық-түлік корпорациясынан" таралған баспасөз хабарламасында.

Иран жағы өз ара астықтың сауда көлемін арттыруға және СВОП-операцияларды ұйымдастыруға, майлы дақылдар мен ет импортына мүдделі екендіктерін танытты, делінген онда.

Қазақстандық жақ Иранмен арада қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін транзиттік тасымалдауда, астық бойынша СВОП-операциялар жүргізуде ынтымақтасуға ниетін білдірді, делінген онда.