Иран Қырғызстанға Парсы шығанағындағы екі айлаққа шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді

Осындпай ниетті Иранның транспорт және жол қатынастары министрінің орынбасары, кеме қатынасы мен айлақтары ұйымының атқарушы директоры Али Тахери Мотлаг Қырғызстанның Иран Ислам республикасындағы елшісі Медеткан Шеримкуловпен кездесуде ортаға салды. Иран осы мақсатта Қырғызстанға екі учаске ұсынып отыр. Екі учаскені пайдалану және жалға алу жайттары А.Мотлагтың таяудағы Бішкекке сапары кезінде қаралады.