Иран ядролық мәселе реттелген соң мұнай өндіру үшін әріптестер іздеуін жалғастырмақ

яғни ядролық мәселе реттелген бойда конференция аясында халықаралық компанияларға елдегі мұнай учаскелерін игеруге құқық беру ұсынылмақ.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бастапқыда конференция 2014 жылдың 3-қарашасына жоспарланған, енді ол 2015 жылдың ақпан айының соңына қалдырылды.

Иран үкіметі әзірге мұнай компанияларына қандай кен орындарының ұсынылатындығын айтпай отыр, оның бәрі ақпан айында конференция кезінде айтылады, деп мәлімдеуде.

Иран және алтылық иран ядролық мәселесі бойынша 24-қарашаға дейін түпкілікті келісімге қатысты жұмысты аяқтауды келісті.