Иранда бензин бағасы 75 пайызға қымбаттады

Соның салдарынан кеше түнде жанармай бағасы 75 пайызға қымбаттады. Бұрын бір литрі 4 мың риал ($0,16) тұратын жанармайдың құны 7 мың риалға ($0,28) дейін шарықтаған, деп хабарлайды BBC.

Бірақ, бұл бағаға сатылатын жанармай көлемі шектеулі. Ал, еркін саудадағы бензиннің литрі 10 мың риалды құрап отыр. Сонымен қатар, қымбатшылық дизель отыны мен газды да айналып өтпепті.

ВВС тілшілерінің хабарлауынша, жанармай құю бекеттерінде кезекте тұрған көліктердің есеп-саны жоқ. Алайда үкіметтің бұл шешімі халық тарапынан наразылық тудыра қойған жоқ.

Қымбаттаған күннің өзінде Иран бензині әлемдегі ең арзан жанармайдың бірі болып қала бермек. Соған қарамастан, бұл әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға ауыр соққы болып тиюі мүмкін. Бүгінгі таңда ел халқының 25 пайызы екі қолға бір күрек таба алмай отыр.


Ал, президент Хасан Рухани үнемделген қаражатқа жаңа жұмыс орындарын ашуға уәде берді.