Иранда ер адамдардың тату мен «шайтани» шаш үлгілерін жасатуға тыйым салынды


«Бұдан былай шайтанға табынушылық үлгісінде шаш қоюға тыйым салынады», - дейді Иранның Ерлер шаштараздары қауымдастығы басшысы Мұстафа Говахи.
Бірақ ол бұл жерде қандай шаш үлгілері жайлы айтылып отырғанын нақтылаған жоқ.
М.Говахи «ислам тәртібіне қайшы келетін шаш үлгісін жасауға келісім берген» салондардың лицензиядан айырылатынын айтып сес көрсетті.
Сонымен қатар, жаңа талаптар ерлердің солярийге баруына, қасын жұлуына, татуировка жасатуына тыйым салады.