Иранда Каспий теңізінде жұмыс істеуге арналған "Мазандаран" атты бұрғылау қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын

Құны 215 млн. долларға бағаланған бұл жобаны Иранның Iran Maritime Industries (Sadra) компаниясы мен Швецияның GVA-C корпорациясынан құрылған консорциум жүзеге асырады. Қазір құрылыс жұмыстары кесте бойынша атқарылу үстінде. Қондырғы 2004-жылдың орта тұсында тапсырыс берушінің меншігіне өтеді.

Суға жартылай батырылатын "Мазандаран" бұрғылау қондырғысы Каспийдің терең сулы бөлігіндегі жұмыстарды атқарады. Англия және Голландиялық Royal Dutch Shell компаниясы жүзеге асырған сейсмологиялық алдын-ала барлау қорытындысына сүйенсек, Каспий теңізінің Ирандық бөлігіндегі мұнай қоры шамамен 10 млрд. баррельге бағаланып отыр.
Болашағы бар мұнай құрылымдарына барлау жүргізетін халықаралық консорциум әлі толық құрылған жоқ.