Иранда наразылық шаралары әлі басылар емес

19 адам қаза тапты. Олардың қатарында Ислам революциясы Сақшылар корпусының полковнигі (КСИР) бар. Елдегі наразылықтар 16 қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминидің жерлеу рәсімінен кейін басталды. Осы уақыт ішінде 1200-ден астам адам қамауға алынды. Демонстрацияларға қатысы бар деп айыпталған 9 шетелдік те ұсталды.

Тегеранда Махса Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция қамауға алынып, артынан қайтыс болған еді. Билік Амини инфаркттан қайтыс болды деп мәлімдегенімен, жақындары оны ұрып-соғудан қайтыс болды деп санайды.