Иранда Қазақстан елшілігіндегі сайлау учаскесінде өтініш берген барлық сайлаушылар дауыс берді - ҚР СІМ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы бойынша №130 сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Тегерандағы елшілігінде жергілікті уақытпен 7.00-де ашылды.

"Дауыс беру процедурасына Қазақстан елшілігінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, осы елде аккредитацияланған халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, Иранда уақытша жүрген басқа да Қазақстан азаматтары қатысты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

СІМ мәліметтеріне сәйкес, Тегеран уақытымен 15.00 сағаттағы жағдаймен дауыс беруге өтініш берген 46 адам, соның ішінде"Казахстанкаспийшельф" ААҚ-ның 16 қызметкері дауыс берді, олар Парсы шығанағы бассейнінде, кезекшілікпен қызмет етіп жүрген жерлерінде таңдауларын білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті