Иранда құлап бара жатқан ұшақтан секірген 3 жолаушы тірі қалды


Әуе кемесі жерге жете бергенде бес адам өздігімен секіріпті. Бірақ олардың үшеуі ғана тірі қалған. Ал ұшақтың өзі небәрі 4 шақырым ғана биіктікке көтерілген. Құзырла органдардың мәліметі бойынша, апат тұрғындар жоқ жерде болғандықтан төменде ешкім зардап шекпепті. Алдын ала болжамға сәйкес, ұшақтың құлауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін. Ұшақтың өзі жергілікті әуе компанияларының біріне тиесілі. Ол Теһран және Табас қалаларының арасында қатынаған екен.