Иранда жеті мұнай өңдеу зауытының құрылысы салынуда

"Жеті мұнай өңдеу зауытының құрылысы 15 млрд евро ($23,22 млрд) көлеміндегі инвестияциядан басталды. Мұнай және газ өңдеу қуаттылығы шамамен 1,56 млн баррельге ұлғаяды", - деді А. Эскандари.

Иран әлемдік мұнай өңдеуші көшбасшы елдердің арасында төртінші орында. Алайда, елде өңдеу өндірістерінің тапшылығына байланысты ірі көлемдегі жанармайды сатып алып, артынан оны субсидиялы бағаға сатады. 2006 жылы Тегеран өңдеу өндірістерінің қуатын қазіргі күніне 1,65 млн баррельден 3,3 млн баррельге дейін өсіру мен модернизациялауға бағытталған сан миллиардтық 5-жылдық бағдарламаны жүзеге асыра бастады.

А. Эскандаридің айтуынша, жеті мұнай өңдеу зауыты 2012 жылы іске қосылады.