Caravan Logo

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті

Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді, деп атап өтті ол.

Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Оның тереңдігі – 7 км.

Осыған дейін Ирандағы зілзаладан екі адамның 
мерт болғанын
 хабарлаған болатынбыз.