Бұл туралы ол журналистерге берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ирандағы ахуал ұзақ мерзімге созылатын болса, Иранмен теңіз арқылы шектесетін Маңғыстау бар. Маңғыстауда босқындар саны көбеюі мүмкін. Тікелей теңізбен есептегенде, 550-600 шақырым (Иран мен Маңғыстау облысының арасы) болады екен. Біз Еуропаның тәжірбиесінде көріп отырмыз. Африка елдерінен әртүрлі қайықтармен кесіп өтіп жатыр. Суға кетіп жатырмыз, әртүрлі трагедиялық жағдайларды көріп отырмыз. Оның қасында бұл әлдеқайда қысқа жол. Сондықтан 100 миллионға жуық халқы бар Иранда жағдай күрделенетін болса, бұл Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Сондықтан ол жағдайдың жылдамдырақ шешімін тауып, жылдамырақ келісімге келгенін өте үлкен мүдделі елміз", - деді депутат.