Иранның оңтүстігінде 5,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Бірінші жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 04.33 кезінде болған. Жерасты толқындарының эпицентрі Бам қаласынан 155 шақырым оңтүстік-шығысында орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 33,4 километр тереңдікте орналасқан.

Арадан үш минут өткеннен кейін, аймақта 5,3 магнитудалы екінші жер сілкінісі тіркелген. Оның эпицентрі Бам қаласынан 147 шақырым оңтүстік-батысқа қарай жерде орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 36,8 километр тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен қираулар туралы мәліметтер әзірге келіп түскен жоқ.