Иранның "Женева-2" конференциясына шақыруы қайтарып алынды

БҰҰ өкілі Мартин Несирки Сирияда өтпелі үкімет қалыптастыру жоспарын қолдағысы келмеген Тегеранның ұстанымын сынға алды.

Би-би-си мәліметіне сәйкес, Сирия Ұлттық оппозициялық коалициясы конференцияға қатысатынын растаған.

Бұдан бұрын коалиция өкілдері онда бірқатар шарттарды орындаудан бас тартып отырған Иран делегациясы болса Женеваға бара алмайтындарын мәлімдеген.