Ірі компания мен шағын шаруалар құн салығын тапқан табыстарына қарай төлеуі мүмкін

Халық қалаулыларының айтуынша, ең алдымен салықты салаландыру қажет. Яғни, ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға, жеңіл өнеркәсіп және машина құрастыратын кәсіпорындарға қосымша құн салығын төмендеткен жөн. Сонда ғана шағын және орта бизнестің ісі алға өрлейді. Ал, онсыз да Кеден Одағы аясындағы көршілеріміздің тасасында қалып қойған отандық өндірушілерді қанай берсек, кәсіпкерлердің құты қашады, - дейді депутаттар. Керісінше, табысы мол азулы компанияларға қосымша құн салығының көлемін көтеруді ұсынды мәжілістегілер.


Азат Перуашов, ҚР Мәжіліс депутаты:

-  Біздің мұнайшылар да, металлург, малшылар болсын, қойшылар болсын бір салық төлеп отыр. Ол дұрыс емес. Өркениетті мемлекеттер әр саланың табысына, рентальдігіне қарай салықты пайдаланады. Ал, біз белгісіз себеппен қайта тек қана сол  салықты көтереміз.