Ирландық альпинист Килиманджарода жай түсіп, мерт болды

Оған жай түскенде ол бір топ альпинисті тау шыңына ертіп бара жатқан. Басқа альпинистер де зардап шекті, дегенмен, ауыр жарақаттар алған жоқ, деп хабарлады ВВС.

Өз кезінде Иэн Маккивер аз уақыт ішінде әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырудан рекорд орнатқан болатын. Көз жұмардан аз уақыт бұрын ол нәсілшілдікпен күрес бойынша «Қара және ақ» акциясы аясында Килиманджароға тез шығу уақытын орнатпақ болды. Маккивер екі кітаптың авторы, үшіншісін аяқтап үлгермеді.