“Иса Мәсіхтің тірілген күні” - Алмира Тұрсынның Ораза айындағы жазбасы желідегі оқырмандарын шулатты

"Иса Мәсіх тірілді!  Бүгін католиктік және протестанттық әлем Иса Мәсіхтің қайта тірілуі күнін тойлайды - Бұл жылдың басты мерекелерінің бірі! 
Христиандық бар, ислам бар, сонымен қатар «қазақстандық» бар – Бұл бәріміз бірге Пасха мен Оразаны, Құрбан айтты бірге тойлап, Рождествоға  ет асып, ал Ауызашарда Пасханың боялған жұмыртқасын ұсынатын кезіміз.  

Бір-бірімізге қамқор болайық, бір-бірімізді сыйлайық және әрқайсысымыз үшін құнды нәрсені бағалайық!  Расында, барлық діндер мен ілімдерде: ҚҰДАЙ – МАХАББАТ! 

Ал  сүйіспеншілік «шыдамды, мейірімді, махаббатта қызғанбайды, сүйіспеншілік өзін жоғары қоймайды, мақтанбайды, ретсіз  әрекет жасамайды, өзін іздемейді, ашуланбайды, жамандық ойламайды, зұлымдыққа емес, шындыққа қуанады; бәріне сенеді, бәріне үміт артады, бәріне шыдайды. Сүйіспеншілік ешқашан тоқтамайды, пайғамбарлық тоқтап, тіл үнсіз болып, білім жойылады. Алайда сүйіспеншілік тоқтамайды.", - деп жазды актриса.

Аталған жазба өткен жексенбі күні жазылған. Алайда өнер иесінің Ораза айында жазған бұл жазбасы елдің көңілінен шыға қоймады.


Еске салсақ, бұған дейін актриса Альмира Тұрсын ұлты мен діни сенімі жайлы сауалға жауап беріп, бала кезінде христиан дінін қабылдағанын ашық айтқан болатын.