Көпшілік педофилдердің арамызда екенін әрі балаларды олардан барынша сақтау қажет екендігін айтқан, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Бойжеткендердің бастарынан өткен оқиғаларын Жанар Байсеміз өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Шамамен 5 сыныпта оқитын кезім. Мамамның туған інісі ұрлық бойынша түрмеде отырып келді. Жасы 30 шамасында. Сөйтіп, біздің үйде қонақ болды. Үйде неше күн болғанын ұмытып қалдым. Бір күні ұйықтап жатсам, ана жерімді біреу сипалап жатыр. Үйде бәрі бар. Бәрі ұйқыда. Сол кезде неге үндемей қалдым, әлі түсініксіз. Қорықтым, ұят... Содан жай сипалауын қоймай, іш киімімді шешті. Шамамен 5-10 минуттай болды ау деймін. Шаруасын бітіріп ұйықтап қалды. Мен де дым ойламай ұйықтап қалдым. Көп ұзамай ол ауылына кетті.
Келесі жағдай 6-7 сыныпта оқып жүргенімде болды. Үйде ата-анам жоқ. Мамамның ағасы бір тойдан шығып, біздің үйге келді. Әйелі, бала-шағасы бар. Удай мас. Ұйықтасын деп төсегін салып бердік. Біз 1 бөлмелі үйде тұратынбыз. Ұйықтап жатқанымда қасыма келіп жатты. Мен сезіп, дауыс шығардым. Ол болса "мен ғой ағаң" деп құшақтады. Сөйтіп, өзінің мүшесін "уқалашы" деп маған ұстатты.
Ол кезде мен түсінетінмін бәрін. Жиіркенішті болды. Жыладым. Бірақ, айтқанын жасадым.
Одан кейінгі жағдай да осыған ұқсас. Нағашым үйге мас болып келіп, біздің үйде қонатын болды. Ұйықтап жатқанымда, қасыма келіп, құшақтап жатты. Менің артыма мүшесін үйкелеп ұйықтап қалды. Ол кезде ойланбадым ба, мән бермедім бе, түсініксіз. Бұл да, ол кезде ел ағасы. Жанұясы бар.
Қазір есіме түсіп жатыр... Бір нағашы ағам (бойдақ) біздің үйде көп болатын. Күндіз балалар болып ұйықтайтынбыз. Бір күні сезіп қалдым. Ұйықтап жатқанда ұятты жерлеріме қарап отырады екен. Көйлек киеміз ғой, етегімді көтеріп отырғанын көріп, айқайлап жібердім. Ол болса, ұялудың орнына өзіме айқайлап тастады. Сөзімді жоққа шығарды. Әке-шешем әрдайым жұмыста болатын», - деген оқиғамен бөлісті ол.
Журналист тағы бір оқырман хатымен бөлісті. Онда ол әкесінің туған інісінен көрген қорлығын жазған.
«Әкемнің інісі армиядан келген бірнеше рет қайталанатын, мені аңдып жүріп солай істеп кететін ғой, зорлықболмаған куннің өзінде ауыртып. Сонда айтпағаным әкемнің туған ағасы ғой, ұят болады ғой деген ой», - деп жазған оқырман.