Ишара тілінде ән орындайтын алматылық қыз тыңдармандарды таңғалдырды

Оқырмандардың барлығы Зухраның ән айту өнеріне тәнті болды. Себебі жас дарын әнді өзгеше, ишара тілімен орындайды.

Зухра есту қабілеті төмен немесе саңырау адамдар үшін әндердің сөздерін ишара тілімен жеткізеді. 15 секундтық видеолардың арасында Дима Биланның, "Пицца" тобының әндері, отандық орындаушылар Дильназ Ахмадиева мен Кенталдың хит әндері бар.

Әрбір видеоның астында оқырмандардың мақтау сөздері күн сайын көбейіп келеді. Әсіресе оқырмандарға Зухраның ән орындағанда барынша эмоциясын қосатыны ұнайды.

Мақпал Исабекова мен Кентал Зухраның парақшасын жарнамалап, оның игі бастамасы үшін алғыстарын білдірді.