Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеп, көпшілікті қызықтырып қойды. Ерке Есмаханның оқырмандары әншінің аяғы ауыр деп топшылады.
Желі қолданушысының: “Неге суретте аяғыңыз ауыр сияқты?” деген сұрағына Ерке Есмахан: “Сіздер де аңдып...Ол баяғыда қыз кезімде түскен сурет қой. Неге жанынан қарағанда ішім бар сияқты боп тұрғанын білмеймін. Инстаграмға шықсам бірден өсек тарап кетеді. Тып-тыныш, ешетеңе салмай отырғаным жақсы еді”, – деп жазды өнер иесі.