Ішімдікке тойып алған әке өз қызын зорлаған

Төтенше жағдайды полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"М.Жұмабаев ауданында бір дерек орын алды. Өзбекстан азаматы мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауда. Олар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады", - деді Айдын Қабдулдинов.