"Ішің ашиды, сонша санасыз": Үшінші сәбиіне жүкті Дина Төреәлі күтпеген мәлімдеме жасады

Ол өзін бала туа береді деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дина Төреәлі бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол өзіне тіл тигізгендердің аты-жөнін жариялап, елді шулатты.

"Жүкті екенімді жариялаған күннен бастап я в шоке просто. Кей адамдар неге сонша санасыз, надан болды екен деп ішің ашиды да. Заман зор дамып жатыр, адамдар-ау. Сана-сезімді өсіріп, өзіміз дамуға ұмтылмаймыз ба", - деп жазды ол.