Ішкі әскер сарбаздары суды да бағындырды

Еліміздегі ішкі әскер қызметкерлері тек түзету мекемесі және қоғамдық тәртіпті қадағалаумен шектеліп қалмай, төтенше жағдайда пайдаланатын техникаларын сынауға кіріскен. Ол үшін қорғаныс министрілігінің мамандары әр облыстан арнайы келген екі сарбазға курс өткізуде. Бронетранспортердің техникалық жағдайынан бастап, құрлық пен суда жүру қабілетін көрсету жаттығудың басы ғана.

Жандос Малаев,  №5570 әскери бөлімі БТР жүргізушісі:

Суға түскенде барлығында қобалжу болады. Бірақ қойылған бұйрықты орындап, әрқайсысы өтті деп ойлаймын. Әрине құрлықта жүру оңайырақ. Бірақ суда да үйреніп жатырмыз енді.

5 күндік курстың тең жартысы теорияға берілсе, екінші кезеңде сарбаздар ағысы қатты өзенді кесіп өтуі тиіс. Білгені мен үйренгенін іс жүзінде қолданып, қиын табиғи жағдайға қарамастан мәреге белгіленген уақытта жетуі қажет. Ішкі әскер басшылығы осылайша техниканы кез келген жерде қолдануға алғышарттар жасауды көздеп отыр.


Ғ
абдулхах Шоқышев, ҚР ІІМ ішкі әскер қолбасшысының орынбасары:

- Әрбір жүргізуші өзі тізгіндеп жүрген техниканың мүмкіншілігін білуі қажет. Суда жүзе алатын болса, жүргізушіні соны меңгеруі тиіс. Сондықтан бұны қажеттілік емес, техниканы толық меңгеру деп айтуға болады.

Бүгін суда алғаш жаттығу өткізген ішкі әскер сарбаздарына келесі жылы Есіл өзенінде арнайы полигон ашу жоспарлап отыр. Дәл сол жерде өзендерді кесіп өту ғана емес, су ішінде күрделі қимылдарды іс-жүзінде орындауға жағдай жасалып, жиі жаттығулар өткізілмек.