Ішкі әскердің әскери-әкімшілік жүйесі жетілдіріледі - Мәжіліс

Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатына жолданады.

Аталған құжаттың мақсаты ҚР Қарулы Күштерінің ұйымдық құрылымына ұқсас Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекаралары шегінде өңірлік қолбасшылықтар құру және өңірлік қолбасшылық басшысының өкілеттіктерін заңнамалық тұрғыда айқындау арқылы Ішкі әскерлердің әскери-әкімшілік жүйесін жетілдіру болып табылады.

«Заң жобасын жүзеге асыру барысында әскери басқару органдарының саны оңтайландырылады. Сол бойынша қазіргі жалпы саны 578 бірлікті құрайтын 8 бригадалық басқарма қайта құрылымдалып, 4 өңірлік қолбасшылыққа ауыстырылады, онда 340 бірлік қалады. Босатылған 238 бірлік бағынышты әскери бөлімшелерге қарай бөлінетін болады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.